Іргелі ғылымның маңызы | СҰРАҒАН ДУРВУДХАН | TEDxAlmaty


Іргелі ғылымның маңызын барлық адам түсінетін сияқты, бірақ шын мәнінде оның қажеттілігі мен пайдасын көп адам түсіндіріп бере алмайды. Іргелі ғылымның негізгі міндеті табиғаттағы немесе қоғамдағы үрдісті неліктен солай болатынын түсіндіру. Жұлдыздар шаң-тозаң, газдардың шоғырланып тығыздығы артқан кезде жаратылады. Сол сияқты білім де бастапқыда көзге көрінбейді. Бірақ белгілі бір тығыздықты қалыптастырған кезде революциялық ойларды тудырады — қоғамда және ғылым мен техникада прогресс жасалады. PhD, математик, теоретик-физик, механик, ҚР мемлекеттік сыйлық иегері. Ұлттық ғылым академиясының ең жас мүшесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін аяқтаған. 2013-2014 жылдары King’s College London-да теориялық физикадан магистратура, 2011-2013 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде математикадан PhD, ал 2015-2016 жылдары постдоктарантураны Imperial College London-да жалғастырған.
Ол кезінде орта мектепті толық оқымағанына қарамастан, кейін университетке түсіп, ғылыми зерттеулермен айналысып, қазіргі таңда математика және математикалық физика бойынша отандық және шетелдік ғылыми жобаларды жүзеге асырып жүр.
Спектралды теория, Рейман геометриясы, математикалық анализ бойынша лекциялар оқиды. Соңғы жылдардағы мақаласының саны Q1 квартилі бойынша ең көп Қазақстандық жас ғалым болып саналады. Д. Қонаев атындағы жас ғалымдарға арналған мемлекеттік сыйлық иегері. This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at www.ted.com/tedx

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.